Ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  азаматша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, тиісті жазбаша түрде хабарланған бола тұра, алқабилеріне таңдалу үшін келмеген. К-ның дәлелді себептерсіз сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін келмегендігіне байланысты, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот қаулысымен азаматша К. ҚР ӘҚБтК-нің  655-бабында көрсетілген (Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеуі) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы занды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі