Есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында ҚР ҚК-нің  296-бабының  2-бөлігімен, яғни «есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған» деген қылмыспен  айыпталған С - ға қатысты  қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, сотталушы С. 08.02.2017 жылы сағат 15:30 шамасында Ақтау қаласы ІІБ-ның ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен өздеріне жүктелген қызметтерін атқару барысында Ақтау қаласы, 22 шағын ауданда ұсталған. Тексеру барысында оның қалтасынан сіріңкенің қорапшасына салынған жасыл түсті шөп тәріздес есірткі заты, яғни салмағы 3,05 грамм «марихуана» алынған.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық әрекеттерді жасағаны үшін  кінәлі  деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56 725  теңге айыппұл жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген.  

 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі