Ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Әзірбайжан Республикасының азаматшасы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып,  тіркеу кезінде  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен  асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.

Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, ол ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі