Дүкен сатушысы сыра сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  М-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  200-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. азық-түлік  дүкенінің сатушысы бола тұра, 4 шыны сыра түріндегі алкогольдік өнімді сағат 21.55-тен кейін  А-ға өткізген.

Сот қаулысымен  М. жоғарыда көрсетілген баппен кінәлі деп танылып, оған 10  АЕК көлемінде айыппұл салынып,  айыппұл көлемі 30%-ға қысқартылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі