Дінаралық татулық негіздері түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Сот жүйесі қызметкерлерін жат ағымдардан сақтандыру» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған шараға Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Б.Тұрлыбек, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары А.Калпаков,  Маңғыстау облысының дін істер басқармасының маманы Ж.Суйтов, ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған Ж.Суйтов  қазіргі ел ішіндегі дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге еркін кіріп, таралуы, оның себептері, халықты осындай діни емес ағымдарға тарту жолдары туралы баяндама жасады. Ол жастардың діни сауатсыздық салдарынан қателіктерге бой алдыруы, «ғаламтор» арқылы әр түрлі діни ұйымдардың теріс уағыздарды тарататындығы жиі кезедесетінін айта келіп, азаматтардың діни білімді тек ресми рұқсат етілген білім көздерінен алғаны дұрыс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекетімізді әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосуға бағытталған саясатын сәтті жүзеге асырудың негізгі алғы шарттары туралы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси, конфессияаралық татулық негіздері туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Семинарда аталған тақырып бойынша арнайы дайындалған көрнекі слайд көпшілік назарына ұсынылды.  

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

 

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі