Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер, жеке кәсіпкер М-ның жауапкер «ГЕФЕСТ АЗИЯ» ЖШС-нен 1 953 750 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, негізгі қарыздың мөлшерін 700 000 теңгеге дейін төмендетуге келіскен. Сонымен қатар, талап қоюшы талаптан бас тартып, ал жауапкер қарызды өтеуге міндеттеме алды.

Сот, тараптармен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, медиативтік келісімді бекітті.

Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты талапкермен төленген мемлекеттік баж оған қайтарылды.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі