Дау татуласу келісімімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Козерог» ЖШС-нің жауапкер «СК Стандарт» ЖШС-нен айрылып қалған пайдасын өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Азаматтық іс материалдары бойынша 2015 жылы 28 қыркүйек айында тараптар арасында тауарлық бетон жеткізу туралы шарт жасақталған.   Осыған орай талап қоюшы жоспарланған 140 м3 тауарлық бетон соммасын айрылып қалған пайда ретінде 1 196 143 теңге өндіруді сұрап талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар татуласу келісіміне келген. Татуласу келісім талаптары бойынша талап қоюшы айрылып қалған пайда сомасы 1 196 143 теңгені жауапкерден өндіру талап қою арызынан толықтай бас тартатынын, ал жауапкер өз кезегінде алдағы уақытта талап қоюшымен іскерлік қарым-қатынастарын нығайтатынын көрсетті.  Сот ұйғарымымен  келісім бекітіліп, іс өндірісінен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі