Бөтеннің мүлкін ашық жымқырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Д., Ақтау қаласы, 6 шағын аудан көлемінде орналасқан «Арман» кафесінен мас күйінде жәбірленуші Л-дің шығып келе жатқанын көріп, қасақана, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында, жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы, соңғының артынан Ақтау қаласы, 6 шағын ауданы, №30 және №31-ші тұрғын үйлері орналасқан жерге дейін еріп барып, айналасындағы адамдардың жоқтығын пайдаланып, соңғының бетінен, кеудесінен аяқ-қолдарымен соққылар беріп, жерге құлатқан. Сөйтіп, Д. жәбірленушінің күртешесінің ішкі төс қалтасынан «Балиси» маркалы, қара түсті бағасы 2 000 теңге тұратын әмиянын, оның ішінде болған 38 000 теңге ақшасын, шалбарының оң қалтасында болған бағасы 70 000 теңге тұратын «HUAWEI» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тонап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.Нәтижесінде, сотталушы Д. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Л-ге 110.000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен Д. кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 60,61-баптарын қолданып, соңғыға түпкілікті 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Жәбірленуші Л. талап арызынан бас тартуына байланысты азаматтық талап қысқартылған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген.

 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі