Бейнеу ауданық сотының судьялары ауыл тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотының судьялары  Сарға селосының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы И.Досетов және судьялар, медиаторлар, құқық қорғау органдарының өкілдері,  ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында сөз алған И.Досетов  Елбасы Н.Назарбаевтың  Судьялардың VII съезінде және Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларды орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Елбасымыз «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр. Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО–ның қирандысынан шығып, өз жолымызды бастағанымызда көрініс алған. Екінші жаңғыру «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда –Астананың салынуымен басталды. Осының нәтижесінде еліміз әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Бұл екі жаңғыру табысты болды және баға жетпес тәжірибе алдық. Енді біз Үшінші жаңғыруды қолға алып, нақты қадам басуымыз қажет деді», - И.Досетов.

Сондай-ақ, қатысушыларға  дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтары туралы, бітімгершілік және кейбір азаматтық істер санаты бойынша міндетті сотқа дейінгі реттеу туралы пилоттық жобаға байланысты да  ақпараттар  берілді.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі