Бекіре тұқымдас балық сатқаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Қ. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр елді мекенінен Ақтау қаласына 22 кг, 10 дана бекіре тұқымдас балықтарының бөлшектерін өзімен бірге заңсыз алып келген, аталған балықтардың бөлшектерін заңсыз өткізу мақсатында, 23 шағын ауданда орналасқан «KOMPETENZ» АҚ-ы сақтандыру мекемесіне барған. Сондай-ақ, сотталушы өзімен бірге алып келген бекіре тұқымдас балығының бөлшектерінің 6,5 кг, яғни 3 дана балық бөлшектерін Ф-ға 16 000 теңге ақшасына заңсыз сатып өткізіп, қалған 15,5 кг 7 дана бекіре тұқымдас балықтарының бөлшектерін Ш-ның қызметтік бөлмесіне тығып қойып, полиция қызметкерлерімен қызметтік бөлмені тексеру кезінде, үстелдің астында целофанды пакетке салынған 15,5 кг 7 дана бекіре тұқымдас балықтарының бөлшектері табылған.

Сот үкімімен Қ. ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі