Бас бостандығынан шектелген сотталушы қайта қылмыс жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы К. бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мерзімі ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Нақты айтқанда, қасақана, пайдақорлық ниетпен, тонау мақсатында Жаңаөзен қаласында көшеде кетіп бара жатқан жәбірленуші Д-ның қолындағы сумкасын ашық жымқырып, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Аталған сумканың ішінде жәбірленушінің 25 000 теңгесі, бағалы телефондары мен әшекей бұйымдары және аксессуарлары болған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын құны 218 000 теңгені құраған.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен К. ҚР Қылмыстық кодексінің  191-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, оған 1  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған К-ға қатысты Жаңаөзен қалалық сотының 24.02.2015 жылғы үкімінің өтелмеген бөлігін ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігінің талабына сай ішінара қосып, түпкілікті өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 1 жыл 1  ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі