Банктік займ туралы шарт бойынша берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер «Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-ның  жауапкер М-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта екінші дәрежелі банк пен жауапкер арасында 15.09.2007 жылы 500 000 теңге несиені 24 ай мерзімге беру шарты, 24.10.2011 жылы банк пен талапкер арасында секьюритизация келісім шарты жасақталып, бұл келісімшарт бойынша қарызды талап ету құқығы талапкерге ауысқаны, жауапкер қарызын жартылай ғана төлеп, міндеттемелерін толық орындамағанын, қазіргі уақыттағы банктік несие шарты бойынша жауапкердің қарызы 631307,50 теңгені құрайтындығын, оның ішінде негізгі борыш сомасы 353056 теңге және сыйақы сомасы 63149 теңге, өсімпұл 212602,50 теңге, комиссия 2500 теңге екендігін,  сол себепті жауапкерден осы қарыз сомасын және мемлекеттік баж салығына төленген 18939,23 теңге сот шығынын өндіруді сұрағаны анықталды.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Сонымен қатар, ҚР Азаматтық Кодексінің 297-бабына сай, егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.

«Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-1-тармағында  банк шоты-банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету операцияларды жүргізуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөліктері болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның ішінде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.

Сондықтан талапкер «Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС талаптары жартылай қанағаттандырылып, жауапкерден 353 056 теңге негізгі борыш сомасы, 63 149 теңге сыйақы, 63780,75  теңге өсімпұл және сот шығыны 14399,57 теңге талапкердің пайдасына өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

       

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі