Банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Бітімгершілік рәсімдері аясында Банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар, екінші деңгейлі банк филиалдарының өкілдері және кәсіби медиаторлар қатысты.

Шараны Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының т.м.атқарушы Р.Бейсенов ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық іс жүргізуде даулардың жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосқандығына тоқталды. Ал, судья  А.Бекболатов Банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алу даулары міндетті алдын ала медиация өткізуді көзделгенін айтып, пилоттық жобаның мақсаты, міндеттері мен принциптерін таныстырды.

Шара барысында банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде шарттардың тиісті ресімдеуіне назар аудару, негізгі және келесі міндеттемелердің шарттарын, оның ішінде құқық беру, міндеттеме қатысушыларының құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында борышкердің міндеттемелерінің бұзылуына әкеліп соқтырған себептерді, міндеттемелерді бұзу үшін жауапкершілік негіздемесінің болуын немесе болмауын мұқият зерделеу қажеттілігі талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі