Банктен тұрғын үй шығыстары өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ремонтно-эксплуатационное предприятие» ЖШС «ForteBank» АҚ-нан берешек соманы өндіру туралы сотқа талап арызымен жүгініп, онда Банк Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 32 «а» үй, 4 пәтер иесі екенін, алайда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатыспағанын, сол себепті жауапкерден 14 834 теңгені өндіруді сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 215-бабына сай үлестi меншiктiң әрбiр қатысушысы ортақ мүлiк бойынша өз үлесiне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтiп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Сот шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі