Баласы үш жасқа толғанша анасына алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында талапкер Ж-ның жауапкер У-дан баласы үш жасқа толғанша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкермен заңды некеге тұрғанын, ортақ некеден бір баласы бар екенін, қазіргі кезде жауапкер екеуінің бөлек тұратындарын, сотқа некені бұзу туралы талап арыз бергенін, өзінің жұмыс жасамай баласының тәрбиесімен үйінде отырғанын, жауапкер материальдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына баласы үш жасқа толғанша 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі