«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

        

С-R-5 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;    мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
       Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-R-5

64960,02

88279,01

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, 130000, Ақтау қ., 8 ш/аудан, №39В ғимарат, анықтама телефоны 8 (7292) 70-14-40, e-mail: 729-0201@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсесі бойынша:

 

         1. Кеңсенің  жетекші маманына (С-R-5, 1 бірлік): Ақтау қалалық                соты - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне - 26.11.2019 жылға дейін).

         Функционалды міндеттері: Кіріс хат-хабарды, соның ішінде қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қабылдау мен тіркеуді, оны өңдеуді, істерді, арыздарды, шағымдарды қабылдаған кезде істердегі, талап арыз материалдарындағы, шағымдардағы құжаттардың толықтығын, қоса берілген құжаттардың тізімдемеге сәйкестігін тексеруді және оларды сақтауды жүзеге асыру; «кіріс» және «шығыс» белгілері бар соттың мөртаңбасының сақталуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету; кіріс хат-хабарларды орындаудың бақылау мерзімдерін белгілеуді қамтамасыз ету; кіріс хат-хабарлардың судьялар мен сот қызметкерлеріне уақытында жеткізілуін қамтамасыз ету.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – құқық (заңгер, кеңесші заңгер).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
         3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
         6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
         8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov»  электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар  құжаттардың түпнұсқасын әңімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей тапсырады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату  бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжататрдың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе аның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.        

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі