«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      

          С-R-4 санаты үшін:

         жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

          жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-5

83282,08

112430,81

С-R-4

73288,23

99105,68

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, 130000, Ақтау қ., 8 ш/аудан, №39В ғимарат, анықтама телефоны 8 (7292) 70-14-40, e-mail: 729-0201@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 

         Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі бойынша:

 

1. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы     С-О-5, 2 бірлік (оның ішінде 1-бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 23.09.2018 жылға дейін);

Функционалды міндеттері: Сотқа түскен барлық істер мен құжаттарды кіріс кітабына тіркеу, құжаттар мен істерді судьялар мен мамандарға тапсыру, нарядтарды жүргізу; шағымдар мен өндірістердін тіркеу кітабын жүргізу; істерді, қатынас-хаттарды, түсіндірме хаттарды, қаулыларды тіркеу; қайта қаралған істер бойынша статистикалық есеп кәртішкелерін толтыру; түскен ұсыныстар мен алқа қаулыларын тіркеу; қарауға тағайындалған істердің тізімін жасау және тараптарға жолданылуын қадағалау; қаралған азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша статистикалық есепті жүргізу; істердің қаралуына талдау жасау.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

 

         Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

 

         2. Кеңсенің бас маманына (С-R-4, 3 бірлік):          Ақтау қалалық соты – 1 бірлік; Ақтау қаласының №2 соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 19.07.2018 жылға дейін); Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бірлік;

Функционалды міндеттері: Кіріс және шығыс хат хабарларды тіркеу, кіріс хат-хабарлардың тіркеу журналын жүргізу және судьяларға, мамандарға істерді уақытылы тапсыру, нарядтарды, арыздардың тіркеу журналын жүргізу, хат-хабарламаларды жолдау, статистикалық есептер мен қаралған істер бойынша талдау жүргізу, автоматты түрде істерді бөлу; мұрағат жұмыстарын жүргізу; соттың оқу орталығының жұмыстарын жүргізу. 

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – құқық (заңгер, кеңесші заңгер).

3. Кеңсенің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысына (С-R-4,                          8 бірлік): Ақтау қалалық соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 09.03.2020 жылға дейін); Ақтау қаласының №2 соты - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 13.03.2020 жылға дейін); Жаңаөзен қалалық соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 14.04.2020 жылға дейін); Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бірлік; Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 01.09.2018 жылға дейін); Мұнайлы аудандық соты – 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік - негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне - 21.06.2019 жылға дейін); Бейнеу аудандық соты – 1 бірлік.

         Функционалдық міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – құқық (заңгер, кеңесші заңгер).

4. Кеңсесінің аға сот приставына (С-R-4, 1 бірлік): Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты.

Функционалдық міндеттері: Сот отырыстарын өткізуге арналған залдардың дайын болуын бақылау; ережеге сәйкес сот ғимаратына кіру режимін жеке өзі ұйымдастырады және қадағалау; сот ғимаратында және сот отырысы залында азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын бақылау; сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асыру; қамауда отырған адамдарды күзету және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша айдауылдау қызметі қызметкерлерімен өзара әрекет жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – құқық (заңгер, кеңесші заңгер).

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады:

         1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov»  электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртібі:

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссияның шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.        

 

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі