Аудандық сот төрағасы ауыл тұрғындары мен сарбаздардың сауалдарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотының төрағасы Иниятулла Досетов аудандық құқық қорғау органдарының басшылары мен «Нұр Отан» ХДП Бейнеу аудандық филиалының өкілдерімен бірге «Сыңғырлау» және «Тәжен» ауылдарын аралады.

Сапар барысында сот төрағасы азаматтарды қабылдауға арналған «Ашық есік» күнін өткізіп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын, сот-құқық саласына қатысты мәселелерін тыңдады.

Сондай-ақ, аталған топ құрамы «Сыңғырлау», «Тәжен» мектеп-бала бақшаларында болып, оқытушылармен, оқушылармен кездесіп, пікір алмасты. Иниятулла Раушанбекұлы жоғары сынып оқушыларына сот жүйесіндегі реформалар, судьялық қызмет пен оның жауапкершілігі туралы қарапайым да түсінікті тілмен әңгімелеп берді.

Осыдан кейін сот төрағасы бастаған топ Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің арасындағы «Тәжен» шекара кеден бекетіне ат басын бұрып, Кеден қызметкерлері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2087 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Ауданның бас биі өз сөзінде Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып жүрген жауынгерлер мен сарбаздарға ыстық лебізін білдіріп, олардың заңнамалар мен сот істері тралы түрлі сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында ел тыныштығын күзеткен сарбаздар өздеріне көңіл бөліп, мәселелерін тыңдай келген сот-құқық саласының басшыларына алғыстарын білдірді.

 

Источник: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі