Аудандық сот судьялары студенттермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдулин және судья Н.Даргулова Қарақия кәсіптік колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға студенттер, оқытушылар құрамы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде судья Н.Даргулова студенттерге кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын  құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, ол болашақ заңгерлерге судьялар мен кеңсе қызметкерлері жұмысының маңыздылығы мен күрделілігі, соттардың республика дәрежесіндегі жетістіктері туралы баяндап, қолданыстағы  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамаларының ерешеліктері, сот жүйесіндегі енгізген заманауи технологиялар туралы жаңалықтарымен бөлісті.

Іс-шара барысында Н.Даргулова  Елбасының   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындаған прагматизм, бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы секілді қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша елімізде кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. Сот төрағасы өзінің қорытынды сөзінде студенттерді Елбасы ұсынған басым бағыттар аясында білім іздеп, шет тілдерін меңгеруге шақырды.

Кездесу барысында студенттер білім, құқықтық сауаттылық пен кәсіптік қызметтері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі