Атқару парақтарын электронды түрде жасау және жолдау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы атқару парақтарын электронды түрде жасау және жолдау» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Б.Елемесов және судьялар, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинарда атқару парағын қалыптастыруды меңгеруге қатысты бірқатар мәселелер талқылқыға салынды.

Іс-шара барысында  сот қызметкері Т.Зәкір қатысушыларға «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде атқару парағын дұрыс және толық толтыру тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ, сот мамандары жоғарыда аталған жүйені жетілдіру процесінің мәнін терең ұғынып, оны қолдану тәртібін  жұмыс жасау барысында пысықтады.

Семинар жұмысын қорытындылаған Б.Елемесов кеңсе қызметкерлеріне  атқару парақтарын нұсқаулыққа сәйкес толтырып, уақытылы жолдауды және оны тіркеуді, орындауды қатаң қадағалап отыруды тапсырды.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі