Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған ауданық сотында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.Тұржанов және судьялар, аудандық «Нұр Отан» партиясының басшысы, құқық қорғау органдары өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында   сот төрағасы баяндама жасап, беделі мен мазмұны, атқаратын міндеті мен мәні ерекше Ата заңның 25 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін тілге тиек етті.

«Конституция — әлеуетті бірлік пен болашақ жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан заңмен жүру, заңды сыйлау — әр азаматтың борышы. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, Конституция білім алуға, ерікті еңбек етуге, өз азаматтығымызды ашық білдіруге құқық берді», - деді Н.Тұржанов.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті.

Источник: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі