Ата-ананың балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азаматша Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  Ш. өзінің тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған 18.05.2001 жылғы баласы К.  №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы бола тұра, 2017 оқу жылының басынан қыркүйек-ақпан айлары аралығында сабақтан себепсізден-себепсіз 62 сағат қалған.

Сот қаулысымен  Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) кінәлі деп танылып, оған  7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15883  теңге айыппұл жазасы қолданылды.   

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі