Аса ірі мөлшерде есірткі заты «марихуананы» сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, У. 2016 жылы көктем айында Тараз қаласында алдын ала тергеп-тексеру барысында жеке бастары анықталмаған тұлғадан 300 000 теңгеге қасақана, аса ірі мөлшерде есірткі заты «марихуананы» сатып алып, тасымалдап, өзінің тұрғылықты мекенжайы Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы, Арай тұрғын-үй массиві, Райхан көшесі №546 үйінде сақтаған соң 30.01.2017 жылы сағат 23.47-де Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен У. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі