Ақтауға әкеліп балық сатпақ болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 339-бабымен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу) азамат Н.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында белгілі болғандай, азамат Н.Ж. «Форт-Шевченко-Ақтау» тас жолының 87/45 шақырымындажеке автокөлігімен Ақтау қаласына қарай кетіп бара жатқанда, ішкі істер қызметкерлерімен тоқтатылған. Автокөлікке тексеру жүргізу барысында жалпы салмағы 37 келі 14 дана бекіре тұқымдас балықтар табылған. Осы әрекетімен Н.Ж. қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Сот отырысында Н.Ж. өз қылмысын толық мойындады. Сот үкімімен Н.Ж. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

(сурет интернеттен алынды)

Источник: 
Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі