Ақтауда үш сатылы сот жүйесінің жетістіктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотының оқу орталығында судьялар мен  үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, қорғаушылардың, Ақтау қаласы бойынша ҚҚО қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Сот жүйесінің  үш инстанциялық моделі» тақырыбында өткен жиында қатысушылар сот жүйесіндегі реформаларды, «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы міндеттерді талқылады.

Дөңгелек үстелді Ақтау қалалық сотының судьясы, оқу орталығының басшысы Марет Ковраева ашып, жиынның мақсатымен, күн тәртібімен таныстырды.

Ақтау қалалық сотының судьясы Аида Бұлақбаева сот жүйесінің  үш инстанциялық моделі кезінде сот төрелігін жүзеге асыру ерекшеліктерін, сотпен мемлекеттік емес ұйымдардың және ҚҚО араларындағы қарым-қатынастарды орнатудың маңыздылығын түсіндірді.

Судья 2017 жылдың  шілде айының 03 жұлдызында ҚР Конституциясының талаптарына сай қылмыстық  және қылмыстық процестік кодекстерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді. «Осы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде ҚР ҚК-нен 108, 109 және 215 баптар секілді қылмыстық құқықбұзушылық құрамдары алынып тасталды», - дей келе, ол баптардың қамтитын аумағын түсіндірді.

Жиын барысында қатысушылар заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы өзге де сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне сот жұмысы, оқу орталығы мен электронды сервистер таныстырылды.

Источник: 
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі