Ақтау қалалық сотында жеке айыптау істерін қарауда кездесетін мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында қылмыстық істерді қарайтын судьялардың, прокурорлар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау істерін қарауда кездесетін мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бір-бірімен байланыста жұмыс жасайтын соттар мен құқық қорғау органдары арасында іс материалдарын рәсімдеп, сотқа жолдау барысында орын алатын кемшіліктерді болдырмау мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтау қалалық сотының судьялары Г.Әділсұлтани мен М.Ковраева осы мәселелерге кеңінен тоқталып, мазмұнды баяндама жасады.

Белгілі болғандай, құқық қорғау органдары тарапынан іс материлдарын рәсімдеп, соттарға жолдау барысында ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сай жеке айыптау туралы шағымның, сот-медициналық сараптамасын тағайындау және жүргізу туралы қаулының, тағы сол сияқты кейбір мәліметтердің толық көлемде тіркелмейтіндігі кездеседі. Судьялар мұндай жағдайда сот ісін жүргізуде едәуір кедергіге тап болып отырғандарын атап айтты.

Шара барысында қатысушылар бұдан өзге де мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Өз ісінің кәсіби мамандары іс материалдарын сапалы түрде рәсімдеп, сотқа жолдау тәжірибелерімен бөлісіп, кемшілікті болдырмау жолдарын талқылады. 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі