Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. өзінің бұрын сотпен жалпы 9 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өз атына тіркелген автокөлігін Қазақстан Республикасының Жол Қозғалысы Қағидаларының 2.4.7 және 10.01 тармақтарында көрсетілген талаптарын өрескел бұзып, авткөлікті жеңіл дәрежесіндегі мас күйінде, жүргізу  куәліксіз және автокөлікті басқаруға рұқсат құжатсыз басқарып, автокөлік ішінде жолаушылар Ч., Н., К.,  болғанына қарамастан, Ақтау қаласы, 5а шағын ауданында орналасқан «Карузо» мейрамханасына бағытталған тас жолда келе жатып, доғал бұрылыстан бұрылмай, автокөлік құралының басқару жүйесін игере алмай, жол сыртына шығып, аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде жол көлік оқиғасынан  жәбірленуші Ч-ның  денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтірілген.   

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2- бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер)  кінәлі деп танылып, оған автокөлік құралдарының барлық түрлерін басқару құқығынан 5  жыл мерзімге айыру жазасы және  1  жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі