800 млн теңгеден аса қарыз ақшаны өндіру туралы дау бойынша сотпен медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «А» АҚ жауапкер «В» ЖШС-нен 1 189 842 теңге көлемінде өсімпұл және 238 810 158  теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы, қарсы талап қою арызы бойынша талап қоюшы «В» ЖШС жауапкер «А» АҚ-нан 18 413 652 теңге көлемінде өсімпұл өндіру және 568 763 711   теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қою арызының жалпы сомасы 827 177 363 теңгені құрайды.

Келісім шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындалмағаны талап қою арыздарымен сотқа жүгінудің себебі болды.

Сот отырысына дайындық барысында тараптар дауды келісімге келу арқылы аяқтауға ұсыныс білдіріп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша, «В» ЖШС «А» АҚ-на 63 855 635 теңге көлемінде супервайзинг қызметін көрсету бойынша төлемді талап етпейді, «А» АҚ 309 549 052  теңгеге жасалған жұмысқа және көрсетілген қызметке беру-қабылдау актісіне қол қоюға келісті. Сонымен қатар «А» АҚ «В» ЖШС-не 309 549 052  теңгені төлеуге міндеттенді.

Екі тарап та бір-біріне контрагент арқылы қойылған айыппұл соммаларын мойындамағандықтан, медиативтік келісім арқылы екі жақтың да айыппұл сомаларын 240 000 000 теңгеге дейін төмендетіп, қарыз сомасы бірдей болғандықтан, бір-біріне кешірім беріп, төленді деп есептеуге қол жеткізілді.

Тараптар арасындағы келісілген медиациялық келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды.

Тараптарға сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сотқа қайта жүгінуге мүмкіндігі жоқ екендігі түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі