Банктік даулардың сотта қаралу практикасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының  №2 сотында судьялардың, банк өкілдерінің және адвокаттардың қатысуымен «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы»  атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шарада  банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істердің соттылығы, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау, қарыз сомаларын өндіру, шетел валютасымен берілген қарыз сомаларын, сыйақы сомасын өндіру және кепілдегі мүлікке өндіру жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинарда сөз алған Ақтау қаласы №2 сотының судьясы Мұхит Мұқашев банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы туралы кеңінен баяндап, азаматтық істерді қарау барысында тараптарды татуластырып, істерді медиациялық келісіммен қысқартуға мән берілетіндігін атап өтті. Өкінішке орай, банктер өз тарапынан жауапкерлермен татуласу келісімін өте сирек жасайтындығын да тілге тиек етті.

Банктік даулар бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында соттарға банктік заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 25 желтоқсандағы «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істер қараудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет.

Семинар қорытындысы бойынша аталған азаматтық сот ісін жүргізу кезінде тараптарды татуластыруға бағытталған қосымша ұйымдастыру ұсынымдары қабылданды.    

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі