Архив событий

28/02/2017

Айыппұл салынып, бір айға қызметі тоқтатылды

28/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен «НПП «Kazakh Osseter» ЖШС-не қатысты (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Гендерлік саясат мәселелері талқыланды

28/02/2017

Мұнайлы аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сотының төрағасы Б.Елемесов және судьялар, сот қызметкерлері, Мұнайлы аудандық  прокурорының көмекшісі Ә.Алуадинов, аудандық ІІБ-нің өкілі Қ.Қасымов қатысты.

Маңғыстау облыстық сотының алқа төрағасы Марат Сабырбаевты әріптестері құрметті доғарысқа шығарып салды

28/02/2017

Маңғыстау облысының сот корпусы азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Марат Қалмұратұлы Сабырбаевты салтанатты түрде отставкаға шығарып салды.

Жиынға облыстағы судьялар корпусымен қатар, сот жүйесінің құрметті ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жас судьялар, мамандар қатысты.

Заңсыз темір қабылдау кәсібімен айналысқан

28/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен А-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) әкімшілік іс қаралды.