жм, 11/08/2017 - 17:58
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында шетел азаматы Ю-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Ю. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.
Сот қаулысымен Ю. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бспасөз қызметі