Қарақия аудандық сотында пилоттық жоба түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия  аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормаларын және даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин, судьялар, «Ақсақал» ардагерлер орталығының  өкілі, аудандық әкімшілік, Әділет басқармасы қызметкерлері, ІІБ-нің, БАҚ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Шара барысында судья Н.Даргулова ҚР Жоғарғы Сотымен әзірлеген жобаның артықшылығы мен басымдылығын атап өтіп, медиация рәсімдері бойынша өткізуге қажетті даулар санатына назар аударды. Сондай-ақ, ол  пилоттық жоба балаларға қатысты алименттік міндеттемелер туралы дауларды сотқа дейінгі тәртібімен реттеуді, некені бұзу, мүлікті және мұрагерлікті бөлу, тұрғын жайдан заңсыз шығару туралы азаматтық істер бойынша еңбек дауларын реттеуді және басқаларды қарастыратынын түсіндірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пилоттық жобаны белсенді түрінде іске асыратындықтарын жеткізді.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі