Архив событий

23/04/2024

Маңғыстау облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды

23/04/2024

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы  Асламбек Мергалиев Президенттің  2024 жылғы  19 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Ербол Мұқажанұлы Рахымбековты ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Аталған іс-шараға Жоғарғы Соттың төрағасы  А.Мергалиев,  Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, мемлекеттік орган және құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ардагер судьялар, сот қызметкерлері қатысты.