Архив событий

12/04/2024

«Playstation-5» -ді уақытша пайдалануға алып, «Актив ломбардқа» тапсырып жіберген

12/04/2024

Мұнайлы аудандық сотында Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж.  Қызылтөбе ауылы көлемінде жәбірленуші Е-мен  кездесіп, соңғыға тиесілі «Playstation-5» ойын приставкасы мен джойстик құрылғысын 3 тәулік мерзімге уақытша пайдалануға 12 000 теңгеге алып, «Актив ломбардқа» 130 000 теңгеге тапсырып, түскен қаражатты өзінің қажеттілігіне пайдаланған.

Нәтижесінде Ж. жәбірленушіге 350 000 теңге материалдық шығын келтірген.