Архив событий

03/04/2024

Балабақша тәрбиешісі жазаланды

03/04/2024

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды.

Сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі  балабақшаның балаларға арналған жатын  бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен.