Архив событий

13/04/2024

Сот қызметкерлері сенбілікке шықты

13/04/2024

Сенбінің таңы сот қызметкерлері үшін сенбілікпен басталды.

Сенбілікке Маңғыстау облыстық соты, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот қызметкерлері бір кісідей, жұмыла атсалысты.

Әрбір соттың ұжымы бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, экологиялық мәдениет пен санитарлық жағдайды жақсартуға әсер ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, сенбілік - бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.