Архив событий

16/04/2024

Жол қателікті кешірмейді

16/04/2024

Мұнайлы аудандық сотында ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны:

Сотталушы А. басқаруындағы «Toyota 4Runner» автокөлігімен «Ақтау-Жаңаөзен» орталық жолында оң жақ жолақта автокөлік келе жатырғанын көріп, жол беру үшін тежеуішті басып, автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғып, жол-көлік оқиғасын жасап тұрған «Lexus ES 300» автокөлігіне және жүргізушісі М-ға соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Нәтижесінде,  жәбірленуші М. алған дене жарақаты салдарынан есін жимастан қайтыс болған.

Тренингте «кінәсіздік презумпциясының» ерекшеліктері түсіндірілді

16/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шараға  Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық  істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы, облыстық соттың судьялары қатысты.

Аталған тренингті Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Шайдуллин жүргізіп, спикер Ата Заңымыздың өзінде  адамға қатысты сот шешімі заңды күшіне енбейінше, ол адам кінәлі болып табылмайтыны көрсетілгенін және «кінәсіздік презумпциясының» ерекшеліктері туралы атап өтті.

Жас судьяларға сот актісінің сапасын арттырудың маңыздылығы түсіндірілді

16/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында  жас судьялардың  қатысуымен сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға тәлімгерлер кеңесінің  мүшелері  және жас судьялар қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жаңадан тағайындалған  судьяларға тәжірибелік көмек көрсету, сот шешімдерінің сапасын арттыру және кәсіби қызметін жетілдіру.

Семинар сабағында сөз алған А.Бекболатов сот актілерін сапалы жазу, сот шешімі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын ауызша түсіндіру мәселелеріне назар аударды.