Архив событий

09/04/2024

185 млн теңгені құрайтын дау татуласу келісімімен аяқталды

09/04/2024

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Банктің жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С және А-ға келтірген қарыз сомасын және кепіл мүлкінің есебінен өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Банк және жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С,А-ның араларында банктік заем шарттары жасалған. Жауапкерлердің талап қоюшының алдындағы берешегінің жалпы сомасы 185 604 420 теңгені құрайды.