Архив событий

19/04/2024

«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы өңір судьяларымен кездесті

19/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында «Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы С.Абдолланың Қазақстан судьяларының ІХ съезіне дайындық және өткізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Маңғыстау облыс судьяларымен кездесуі өтті.

Кездесуге Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Б.Елемесов, облыстық  судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары және судьялары, сот қызметкерлері  қатысты.