«Қазпошта» АҚ-мен өзара әрекеттестік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Іске қатысушыларды хабарлау барысында туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Марат Сабырбаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Калпаков, Маңғыстау облысы «Қазпошта» АҚ-ның директоры Хамзин Нұрлан және  соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Аталған дөңгелек үстелде іске қатысушыларды хабарлау барысында туындайтын негізгі мәселелер айтылып, оларды шешу туралы ұсыныстар қарастырылды.

Іс-шара барысында алғашқы болып сөз алған М. Сабырбаев  «2016 жылдың 9 айында Маңғыстау облысының соттарымен «Қазпошта» АҚ арқылы 31 880 хаттар жіберілген. Оның ішінде,  аталған мекеме қызметкерлерімен 20 624-і тиісті мекенжайларға жеткізілген. 8 198 хат «Қазпошта» АҚ арқылы соттарға кері қайтарылған.  Сондықтан, бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынуларыңызды сұраймын», - деді.  

А.Калпаков  «Қолхат іске қоса тігілетіндіктен, хаттың кері қайтарылу себебі және кімге табысталғандығы туралы мәліметтерді «Қазпошта» АҚ қызметкерлері көрсетуі қажет екендігін ескертті.

Н.Хамзин  «Әрбір жолданған хат маңызды. Хаттар «Қазпошта» АҚ-ы қызметкерлерімен көрсетілген мекенжайларға 1 ай ішінде 2 рет апарылады. Дегенмен, хатты апарған кезде көрсетілген мекенжайларда азаматтардың тұрмайтындығы анықталып немесе үйлерінде болмауы жиі кездеседі. Мұндай  жағдайда хаттар мерзімнің өтуіне байланысты кері қайтарылатындығына» тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол болашақта мұндай жағдайдың алдын-алып, айтылған ұсыныстың міндетті түрде ескерілетіндігін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды. 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі