Архив событий

06/10/2016

«Сот аймағына және ғимаратына келушілерді өткізу режимінің қамтамасыз ету ережерелері» атты тақырыпта семинар өткізілді

06/10/2016

Қарақия аудандық сотында «Сот аймағына және ғимаратына келушілерді өткізу режимінің қамтамасыз ету  ережерелері» атты  тақырыпта семинар өтті.

Семинар сабағын өткізудегі басты мақсат – сот ғимаратына өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнамасын сақтау.

Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындалды

06/10/2016

Ақтау қалалық сотымен сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. 

Сотталушы У.   Ақтау қаласының 3  шағын ауданында  Ақтау ҚІІБ-ның полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, екі куәгердің қатысуымен  ерікті түрде сіріңке қорабына оралған жасыл түсті өсімдік тәріздес зат, сот криминалистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша жалпы салмағы 0,71 грамм кептірілген марихуананы берген.    

Сотталушы У. өзінің іс әрекетімен қылмыстық теріс қылық жасаған, яғни есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау.