Архив событий

13/10/2016

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты тақырыпта семинар өткізілді

13/10/2016

Бейнеу аудандық сотында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Аталған шараға судьялар мен сот қызметкерлері, «Тағзым» патриоттық үкіметтік емес ұйым төрағасы Нәренбайұлы Жауғашты қатысты.

Көлік құралын басқару құқығынан 6 жылға айырыла отырып, қамауға алынды

13/10/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 4-бөлігі бойынша /Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер / азамат М-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қару сақтағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/10/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Ә-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1 бөлігі / Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау / бойынша әкімшілік іс қаралды.