Архив событий

17/10/2016

Қоғамдық орында есірткі затты тұтынған

17/10/2016

Бейнеу аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлімімен (Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну) К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К.  қоғамдық орында, яғни темір жол станциясында есірткі затты медициналық емес тұтынған.

Дизель отыны мемлекет пайдасына тәркіленді

17/10/2016

Бейнеу аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 197-бабының 1-бөлімімен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу)   А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бекіре балықты заңсыз тасымалдаған

17/10/2016

Түпқараған аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)  азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/10/2016

Мұнайлы  аудандық  сотымен   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  188-бабының 2-бөлігінің 3 тармақшасымен (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен ұрлық жасау) Д-ға қатысты қылмыстық  іс қаралды.