Архив событий

26/10/2016

Ойын-сауық орындарын заңсыз ашқандар жауапкершілікке тартылды

26/10/2016

Қарақия аудандық сотында Ә-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ә. Жетібай селосы, АТП көшесінде орналасқан «Сымбат» дүкенінің ғимаратында «Inbet» букмекерлік кеңсесіне мемлекеттік лицензия алмастан 4 дана ойын аппарат терминалын орнатып, тiркеусiз және рұқсатсыз ойын бизнесімен, кәсiпкерлiкпен айналысқан.     

Есірткі сатып, сотталды

26/10/2016

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Н-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Н.   қасақана, пайдақорлық ниетпен, өзінде марихуана есірткісін  сақтап, азамат С-ға 4 000 теңгеге  жалпы салмағы 6,63 гр. болатын  марихуана есірткі затын өткізген.