Қарақия аудандық сотында гендерлік саясат мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында  «Гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық зомбылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға судьялар, Қарақия аудандық білім бөлімнің өкілі Б.Тургенова, «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалының өкілі Ф,Құрал, «Жігер» мүгедектер спорт клубының басшысы К.Тлеуов, «Шапағат» қамқоршылық кеңесі корының өкілі А.Махмутов, Құрық гимназиясынан К.Бисенгали және Г.Мендикулова қатысты.  

Шараның негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шараларды талқылау.

Іс-шара барысында сөз алған судья Н.Даргулова  заманауи Қазақстандағы гендерлік саясат теңдігі, яғни әйел адамдардың теңдігі, ҚР Конституциясына сәйкес жүргізілетіндігін жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 2-тармағында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп көрсетілген.

Семинар соңында Қазақстандық гендерлік саясат іске асу жолында екендігі және одан әрі табысты нәтижелерге жету кезеңіне келгені айтылды. Осылайша, әйелдер мен еркектерге  олардың жыныстық айырмашылығы жағынан емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы әлеуеттік мүмкіндіктерге ие болу және мемлекеттің гүлденуі мен дамуына қажетті үлес және пайда әкеле алатын адами ресурсы бар тұлға ретінде қарау қажеттілігі айқындалды.

Шара қорытындыланып, қатысушылар тақырыпқа сай  өзара пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

 

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі