Архив событий

20/12/2016

Дәріс оқыған бөлім басшылары марапатталды

20/12/2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Маңғыстау облысы әкімдігінің Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында облыстық сот қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік шара өткізілді.

Облыстық әкімдік тарапынан марапатталды

20/12/2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысы соттарының 5 қызметкеріне облыс әкімінің орынбасары Ә.Шөжеғұлов «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Қылмыстық іс кәсіби медиатордың қатысуымен қысқартылды

20/12/2016

Қарақия аудандық сотында Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сотта анықталғандай, сотталушы Б. пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, Қарақия ауданында орналасқан «Заман» дүкенінде азық-түлік қоюға арналған орынның үстінде тұрған жәбірленуші М-нің әмиянын жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Бірнеше рет пара алған

20/12/2016

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында  «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспециясы» ММ-нің, автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас мамандары сотталушылар А. және П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамаған

20/12/2016

Жаңаөзен қалалық сотында П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматшасы П. бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы жазасы қолданылған. Алайда, оның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығып кетпегені анықталған.

Ақтау қаласы №2 сотында семинар өткізілді

20/12/2016

Ақтау қаласының №2 сотында «Әйелдердің саяси құқығы»  атты тақырыпта семинар өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласының №2 сотының судьялары, Халықаралық құқық қорғау орталығының Маңғыстау облысы бойынша кәсіби медиаторы Кашкынбаев Т., «Аналар кеңесі» қоғамдық қорының төрайымы Бернеева З.,  Ішкі істер басқармасының инспекторы Жантуар Р. қатысты.