Архив событий

15/12/2016

Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті

15/12/2016

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық сотында  дәстүрлі соттар арасындағы жәрмеңке өткізілді.

Шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

Жол көлік оқиғасынан жеңіл дәрежеде дене жарақатын салған

15/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  А. Жаңаөзен қаласында   тас жолда жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші О-ны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші  О-ның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келтiрген.

Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзған

15/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Л.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.   

Құрметті Маңғыстаулықтар!

15/12/2016

Азаттықтың анасы - бостандық, Тәуелсіздіктің анасы - еркіндік. Жер шарын мекендеген барлық халық - азаттықты арман етіп, еркіндікті мақсат тұтады. Біздің халық ғасырлар бойы аңсаған, азаттығына қолы жеткен, арман-мұраты ізгілікпен өрілген ел. «Қуана білгенге - құт қонады, бағалай білгенге - бақ қонады» демекші,  Қазақстан бүгінде, қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды!