Архив событий

14/12/2016

Жаңа Әдеп кодексі талқыланды

14/12/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы судьяларының VII  съездінде қабылданған жаңа «Судьялық әдеп кодексін» талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеген

14/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  азамат Т. -ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Азамат Т.18.08.2016 жылы сағат 10:00-ге шақырылған сот орындаушының шақыру қағазын ала тұра, сот орындаушысына сот бұйрығын орындау мәселесі бойынша түсінік беру үшін келмеген.

Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған

14/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  Д. Жаңаөзен қаласы, Өркен шағын ауданында тас жолда, «Chevrolet Cruze»  маркалы автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгісі: «760 CLA 12» нөмірін тағып жүргізу барысында жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Қоғамдық орынды ластаған

14/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  ҚР ӘҚБтКнің 434-бабының 1-бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік ісін қарады.

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамаған

14/12/2016

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Т. өзінің тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған 05.05.1999 жылы туған  баласы  М., Жаңаөзен қаласы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы бола тұра, 2016 жылы қыркүйек айында жалпы 65 сағат сабақтан себепсізден-себепсіз қалған.

Облыстық сот ұжымы ардагерлерді тәуелсіздік күнімен құттықтады

14/12/2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова  Маңғыстау облысы соты ұжымы атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбеталиқызын құттықтап, арнайы сыйлықтар мен гүл шоғын табыстады.