Архив событий

29/12/2016

Облыстық сотта семинар сабақ өтті

29/12/2016

Маңғыстау облыстық сотында судьялыққа кандидаттардың қатысуымен  семинар сабақ өткізілді.  

Аталған шараға  судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің үйлестірушісі, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Б.Шоқанова,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Балаларға арналған Жаңа жылдық шырша

29/12/2016

Жаңа жыл қарсаңында Ақтау қалалық сотында сот қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі шырша мерекесі өткізілді.

Балалар шыршаның шамдарын жағып, ертегі киіпкерлерімен бірге айнала би билеп, ән шырқап, Аяз атаға тақпақтарын айтты.

Қарақия аудандық сотында Жаңа жылдық іс-шара өткізілді

29/12/2016

Қарақия аудандық сотының судьялары мен қызметкерлерінің балалары үшін мәдениет үйінде «Жаңа жылдық шырша» мерекесі өтті.

Ұсынылған  мерекелік шара балалар және олардың ата-аналарына мерекелік көңіл-күй мен қуыныш сыйлады.