Бюджеттік несиені және көтерме жәрдемақыны өндіру туралы 4 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында  талап қоюшы «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің» жауапкерлер Р., С., Е., Д-дан  бюджеттік несие бойынша берешегін және көтерме жәрдемақыны өндіру туралы төрт азаматтық іс  оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 2-бөлігінің 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Сотта анықталғандай, аудандық әкімдіктің қаулысына сәйкес ауылдық елді-мекендерге жұмысқа орналасуға келген жас мамандарға тұрғын үй алу үшін бюджеттік несиелер және көтерме жәрдемақы бөлінген.  Олар соңғы жұмыс орындарында кемінде 3 жыл жұмыс жасауға тиіс болған. Алайда, олар келісімнің бұл талабын бұзып, өз еріктерімен әртүрлі мән-жайларға байланысты жұмыстарынан босатылған. Нәтижесінде келісім міндеттері орындалмаған.

Қарақия аудандық соты талап қоюшының талап арызын толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарды.    

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі